[:kz]
Қазақстандықтар ең жас мәжілісмен Мәди Ахметовтің әскерде қызмет етпегеніне наразылық білдіріп, петиция жариялады. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы жазады.
«ҚР Конституциясының 36-бабына сәйкес Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери қызметшілердің әскери қызметте болуының шекті жасы — қырық бес жас. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Абылайұлы Ахметов 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған, жасы 26-да, әскерге шақырылу жасы 18-ден 27-ге дейін. Бүгінгі таңда Мәди Ахметов Отан алдында өз борышын өтемеді және әскерде қызмет еткен жоқ. ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан ҚР Конституциясының 36-бабына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес Мәди Абылайұлы Ахметовті әскерге шақыруды талап етеміз»,- делінген петицияда.
«Адырна» ұлттық порталы
[:]