АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтары

[:kz]Қазақстандықтардың Дубайда 1 миллиард долларға бағаланатын мүліктері бар болып шықты [:]

[:kz]

Дубайда 1,5 мың қазақстандық құны 1 миллиардтан асатын мүлікке иелік етеді. Мұндай мәліметпен EU Tax Observatory мамандары мамыр айындағы есептерінде бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зерттеушілер өз есептерінде Дубайдағы 800 мың жылжымайтын мүлік иелері туралы мәліметтерді сараптаған. 

«Дубайдағы офшор мүліктері өте көп: шетелдіктер кем дегенде 146 миллиард долларды жалған компаниялар арқылы жылжымайтын мүлікке салған. Бұл Лондондағыдан екі есе көп. Географиялық орналасуы мен байланыстары бұл қаладағы шетелдік инвестициялар үшін негізгі фактор болып отыр», – делінген құжатта. 

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Дубайда 1 550 қазақстандық 2694 жылжымайтын мүлік нысанына иелік етеді. Олардың жалпы құны 1,018 миллиард доллар. Орташа есеппен бір жылжымайтын мүлік үшін 377 989 доллар жұмсаған. 

Салыстыру үшін, Дубайда 5 381 ресейлік 9 755 жылжымайтын мүлік нысанына иелік етеді. Жалпы құны 3,344 миллиард доллар. 
Дубайда жылжымайтын мүлкі бар Қырғызстан азаматтарының саны 106, олар 102 миллион доллар болатын 236 нысанға иелік етеді. 

[:]