[:kz]
Қарағанды қаласында Қырғызстанда жасалған балалар киімінен улы зат табылған. Бұл туралы Қарағанды облысының қоғам денсаулығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Юрия Залыгина жергілікті журналистерге хабарлады.
Оның айтуынша, санитар дәрігерлер Қарағандының ірі сауда нүктелерінде, қара базарларда, дүкендерде формальдегид деңгейі жоғары балалар киімі сатылып жатқанын анықтаған.
«Олардың басым бөлігі Алматы және Бішкек қалаларынан әкелінген. Формальдегид — улы зат. Ол адам ағзасына сіңіп, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін», — деді Юрий Залыгин.
Хабарларға қарағанда, тауарлар саудадан алынып, саудагерлерге 200 млн теңге айыппұл салынған.
Abai.kz
[:]