АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Қазақстанға ренжіген Ресей «Қаңтар қырғынын» нақты кім ұйымдастырғанын айтты [:]

[:kz]

 

ТМД елдері институтының әскери сарапшысы Владимир Евсеев ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтың сөзіне түсініктеме берді.

Бұл туралы ол «М.К» басылымына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

– Биылғы жылдың қаңтарында Ресей өз бітімгерлерін жібермегенде, Қазақстандағы жағдай қайғылы өрбуі мүмкін еді. Бірақ Ресей бітімгершілік күштерін әкеліп, Қазақстандағы тұрақтылықты сақтап қалды.

Ал енді кейбір шенеуніктер өздеріне қарсы санкциялар салынбауы үшін АҚШ-пен жақсы дос болайық деп жатыр. 

Биыл қаңтарда АҚШ пен Ұлыбритания ұйымдастырған «түрлі-түсті революциядан» Ресейдің арқасында аман қалған Қазақстан: «Жоқ, біз Ресейге көмектеспейміз, өйткені санкциядан қорқамыз» деп отыр.

Бірақ егер сізге қарсы төңкеріс ұйымдастырған мемлекеттің санкцияларынан қорқатын болсаңыз, онда сіз жақын арада сол сияқты екінші революцияға тап боласыз.  Ресей Федерациясы Тоқаевты арнайы құтқарып, Қазақстандағы тұрақтылықты сақтап қалды, өйткені Қазақстан біз үшін маңызды. Ресей қазіргі билікті радикалды исламшылардан құтқарды. Әрине, Ресей Федерациясы Қазақстан үшін ішкі проблема туғызбайды.

Бірақ мен айтқым келеді, егер Қазақстан Назарбаев кезіндегідей «көпвекторлы» ойынын жалғастыра берсе, ол тым көп ойнауы мүмкін. Тағы да Назарбаев кланындағы адамдардың Тоқаевты тақтан тайдырмақ болған әрекеті қайталануы мүмкін, — дейді сарапшы. Еске сала кетейік, Тимур Сүлейменов Еуропа басылымына берген сұхбатында Қазақстан Ресейге қарсы салынған санкцияларды сақтайтынын, оларды бұзбайтынын айтқан болаты.

www.oinet.kz/

 

[:]