АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанға Ресейден жаңа атмосфералық ауа ағыны келе жатыр[:]

[:kz]

  1. Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігіндегі орталық аудандардан жаңа атмосфералық ауа ағыны келе жатыр.

Veter

Ауа ағындарының республика аумағынан жиі әрі тез ауысуы тропосферада жиналған батыс-шығысқа ауысатын Антлант ылғалды ауа массаларымен байланысты, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Сондықтан алдағы үш тәулікте көптеген облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түседі және қатты жел тұрады. Оңтүстік пен шығыстағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы климаттық нормадан төмен болуы ықтимал. Астана қаласына арналған консультативтік ауа райы болжамы. 6 маусым: күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай ауысып, оның екпіні 9-14 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +19+21°С. 7 маусым: күн алабұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік батыс, батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с-қа жетеді.

Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +20+22°С. 8 маусым: күн алабұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соққан желдің екпіні – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +21+23°С. Алматы қаласына арналған консультативтік ауа райы болжамы.  6 маусым: күн алабұлтты, кей жерлерде жауын-шашын түсіп, найзағай ойнайды. Желдің екпіні – 2-7 м/с, ұйытқуы – 12 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +21+23°С. 7 маусым: күн ала бұлтты, күндіз және түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің екпіні – 2-7 м/с, найзағай түскенде оның ұйытқуы 10 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +21+23°С. 8 маусым: күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні – 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +25+27°С.

Айта кетейік, өткен аптада БАҚ-тың мәліметінше, Мәскеуде дауылдан 137 адам зардап шеккен еді.

Источник: Stan.kz



[:en]

[:]