АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасы Польшадағы турнирде 11 медаль жеңіп алды[:]

[:kz]

Бокстан Қазақстан құрамасы Польшада өткен әйелдер арасындағы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті. Спортшыларымыздың еншісінде 11 медаль бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Алтын медальдарды Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай және Карина Ибрагимова иеленді. Валентина Хальзова турнирді екінші орынмен аяқтады.

Балауса Мұздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Урақбаева, Дариға Шәкімова, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсай Ержан, Мәдина Нұрашева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

 

 

 

[:]