АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақтарды маймылға теңеген: Рудный қаласының тұрғыны тікелей эфирдегі сөзі үшін 2 жылға сотталды[:]

[:kz]

 

 

Қазақтарды маймылға теңеген Божко 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші» арнасына сілтеме жасап.

46 жастағы Рудный қаласының тұрғыны қыркүйек айының соңында украиндық блогердің ютуб каналында тікелей эфирге қатысып, қазақтың ар-намысына тиетін сөздер айтып, маймылға теңеген. Күдіктінің кінәсі желіде тараған бейнежазба мен сараптама нәтижесінде дәлелденген. Оған «ұлтаралық араздық тудырды» деген айып тағылған.

 

Божко жазасын қоныс колониясында өтейді.

Айта кетейік, атышулы видео интернетте тарағаннан кейін Кирилл Божко Қазақстан халқынан кешірім сұрап, бейнеүндеу жолдаған болатын.

«Мас болған едім, соның кесірінен осындай жағдай болды. Негізі, қазақ халқын өте сыйлаймын. Істеген ісіме өкінемін. Мені кешіріңіздерші. Қазақ халқынан кешірім сұраймын», — деді ол.

[:]