АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қазақтарды малға теңегендіктен ашуланып кеттім»: Әйелді балағаттаған такси жүргізушісі мән-жайды айтып берді [:]

[:kz]

 

 

Нұр-Сұлтанда әйелді орысша білмегені үшін балағаттаған такси жүргізушісі болған оқиға жайлы айтып берді.

Бұл туралы Caravan.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Өзін Қапар Ахатұлы деп таныстырған елорда тұрғынының сөзінше, жанжалдың басталуына түрткі болған әйел адамның өзі көрінеді.

«Әлгі әйел менің орысша білмейтініме тиісіп, маған дөрекі сөз айта бастады. Сөзінше, өзі министрлікте жұмыс істейді екен. Бірақ мемлекеттік қызметте жүре тұра қазақша білмеймін дегеніне таңғалдым. «Мен министрлікте жұмыс істеймін, сені жұмысыңнан шығарып, түрмеге қаматамын» деп айтты. Бірақ қай ведомстводан екенін айтпай қойды. Балағаттауды өзі бірінші бастады, ауызынан ақ ит кіріп, көк ит шықты. Қазақтарды малға, қойға теңеді. Міне, осыны естіп ашуланып кеттім», — дейді такси жүргізушісі.

Ашуға булығып кеттім деген елордалық жолаушы әйелдің оны әдейі арандатқанын айтады.

«Мен оның видеоға түсіргенін білмей қалдым. Артында отырып, қасақана мені ашуландырып, камераға түсіріп отыр екен. Өзінің маған не айтқанын көрсетпепті. Жаман сөз айтқаным рас, бірақ ол неге қазақтарға сөз тигізеді?» — деп қосты ол.

Айтуынша, оқиға сотпен аяқталып, такси жүргізушісі 10 АЕК (29 170 теңге) айыппұл төлеген. Бұған қоса, сотта әйелдің ешқандай да мемлекеттік қызметкер емес, волонтер екені анықталыпты. Сондай-ақ, такси жүргізушісі әйел алғашында өзін қазақ емес екенін айтқанын, бірақ сауалнамада оның ұлты қазақ деп тұрғанын байқағанын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі мен қазақша білмеген әйелдің арасында дау туғаны айтылған еді.

kaz.caravan.kz

 

[:]