АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Қазақтың дәстүрінде бесік түбегінен ырымдап су ішу болған ба [:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желілерде құдалыққа жиналған көпшіліктің бесіктің шүмегінен кезектесіп арақ ішіп жатқан видеосы тарады. Олар осылайша ырымдап, болашақ немерелерінің қыз немесе ұл болуын қалайтын көрінеді деп хабарлайды Азаттық рухы.

Тарих ғылымдарының докторы, этнограф Злиха Ибадуллаева қазақ халқының салт-дәстүрінде бұндай ырымның мүлде болмағанын жеткізді. Оның сөзінше, бұл көріністі ырым деп айтудың ешқандайда қисыны жоқ. Қазақ халқы әдетте, бала көтермей жүрген әйелдерге нәрестенің ит көйлегін беретін болған, дейді ол. «Ал мына видеодағы көрініс жәй ғана біреудің шығарған даңғазалығы. Мұндайды «жат әдет» деп санап, кейінгі ұрпақ осы нәрсені қайталамас үшін алдын алу қажет. Баланы бесікке саларда ырымдап су ішті дегенді ешқандай да этнографиялық зерттеулерден кездестірген жоқпын. Айта кетер нәрсе, бесік шүмегі қазақ халқында асық жіліктен жасалып, майға әбден қайнатылып пайдаланылған», — дейді Злиха Ибадуллаева. 

Сонымен қатар, соңғы кездері балаға бесік әкелу салтына қатысты да екіжақты пікір қалыптасқан. Әлеуметтік желіде тараған видеоның бірінде «Нағашы жұрттың бесік әкелгені дұрыс емес» деген пікір айтылды. «Әр шаңырақтың өзінің бесігі болады. Сол үйде өмірге келген бала сол шаңырақтың бесігіне салынуы қажет. Бала нағашысының бесігінде тәрбиеленбейді. Нағашының бесігінде қай кезде тәрбиеленеді? Егер балалар ажырасып кетсе, амал жоқ тәрбиеленеді», — дейді видеодағы әйел. Алайда Злиха Өмірбекқызының айтуынша, бұл дәстүрдің бұзылғандығының көрінісі. Қазақ халқында бесікті тек нағашы жұрты әкелуі тиіс. «Әдетте, бесікті қыздың төркіні барлық жасау-жабдығымен және нәрестенің киетін киімдері мен барлық пайдаланатын құралдарын алып келетін болған. Ал қалжаны дүниеге келген нәрестенің өзінің туған ата-әжесі де, келіннің төркіні де алып келіп жатады», — дейді этнограф.

kaz.nur.kz

 

[:]