АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазандағы мектепке шабуыл жасаған жігіт ұсталғаннан кейін бірден өзіне қол жұмсамақ болған[:]

[:kz]

Қазан қаласындағы мектепке шабуыл жасаған 19 жастағы Ильназ Галявиев ұсталғаннан кейін бірден өзіне-өзі қол жұмсауға тырысқан. Бұл туралы ол жауап алу кезінде айтты.

Айыпталушы полицияға тапсырылғаннан кейін қызметтік көлікте өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған. Бірақ оған құқық қорғау органдарының қызметкері кедергі болған. Содан кейін оны полиция бөліміне алып кеткет.

 

Жауап алу кезінде ол мектепте 20 адамды өлтірмек болғанын мәлімдеді.

«Мен гимназияға біреуді қорқытып, жарақаттап немесе тірі қалдыру үшін емес өлтіруге келдім»,-дейді айыпталушы.

Галявиев полицияға құрбандарын миынан атып түсірмек болғанын айтты. Алайда оның көзі дұрыс көрмегендіктен, оқ діттеген жеріне тимепті.

Ильназ атысты 8 «А» сыныбында ұйымдастырып, дәлізге шығып, мылтықты қайта оқтап, бастаған ісін аяқтау үшін қайтып оралғанын айтты.

«Мен жасаған ісіме өкінбеймін, кінәмді толық мойындаймын. Адамдарды өлтіру арқылы мен дұрыс әрекет жасадым деп санаймын. Осылайша мен бәріне шынымен Құдай екенімді көрсеттім», — делінген айыпталушының куәлігінде.

Сонымен қатар ол 11 мамыр күні мектепке таңертең екі рет келгенін айтты. Бірінші рет оны күзетші қуып жіберген, ол үйіне барып, қару алып, гимназияға қайтып оралған.

Еске салайық, төтенше жағдай 11 мамыр күні таңертең қазандағы Файзи көшесіндегі №175 гимназияда болды. Екі жас жігіт мектепке шабуыл жасады: олар оқу орнына қарумен кіріп, атыс бастаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, атыс кезінде мектепте жеті бала мен мұғалім қаза тауып, 20 адам жарақат алған.

[:]