АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтары

[:kz]Қажет болса, біз Ресеймен әлі 10 жыл соғыса аламыз — Зеленский[:]

[:kz]

 

Украина президенті Владимир Зеленский CNN арнасына берген сұхбатында Ресеймен арадағы келіссөздерді ойдағыдай жүргізу мүмкіндігі күн сайын азайып бара жатқанын, қажет болған жағдайда Украина «Ресей Федерациясымен он жыл бойы соғыса алатынын» айтты. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы жазады.

«Мүмкіндіктер күн сайын азайып барады. Буча, Вольноваха, Бородянка, Мариуполь туралы ойланыңыз. Ешкім сөйлегісі келмейтін уақыт жақындап келеді. Біздің қоғам келіссөздерді жалғастырғанымызды қаламайды», — деді президент.

Сонымен бірге, Зеленский соғыс шексіз болмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек деп қосты, өйткені ол неғұрлым ұзақ жалғасса, соғұрлым украиндар көп жоғалтады. Егер Ресеймен сөйлесу мүмкіндігі болса, онда Украина сөйлейтін болады, бірақ ресейлік ультиматум негізінде емес.

Сондай-ақ, президент Киев Ресеймен соғысты тоқтату үшін Донбасстан бас тартпайтынын атап өтті. Украинаның шығысындағы шайқас соғыстың одан әрі дамуына әсер етпек.

«Адырна» ұлттық порталы

[:]