[:kz]
Көпшілік анасын қажылық қарызын өтеуге жіберген әншіге ақ батасын берді
Танымал әнші Жазира мен Жанболат анасын қажылыққа жіберген болатын. Бүгін Жанболаттың анасы қажы атанып, Қазақстанға оралды.
Әуежайдан анасын күтіп алған қос жұлдыз желіге төмендегі видеоны жүктеп, көпшіліктің батасын алды.
Немерелерімен құшақтасып көріскен әжей видеода «Барлығы Жанболаттың арқасы» деп алғысын айтып жатыр.
Мұндай қуанышты әрі бір отбасының бақытты сәтін көрген жұрт елге үлгі болуға лайықты Жанболат пен Жазираға алғыстарын жаудырды.
«Қандай әдемі көрініс. Бақытты болыңдар. Ананың алғысын алған адам ешқашан жаман болмайды.» «Балаларыңыздың қызығын көріңіздер, ең қуанышты сәттеріңіз ұзағынан болғай. Көптеген жастар сіздерден үлгі алса болады» деген сынды пікірлер көптеп жазылды.
[:]