АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]КЕМЕРОВОДА «ЗИМНЯЯ ВИШНЯ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ СҮРІЛЕ БАСТАДЫ[:]

[:kz]

 

 

 

Кемерово қаласында сейсенбі күні бұрынғы «Зимняя вишня» сауда орталығының ғимаратын бұзу жұмыстары басталды. Бұл туралы «Сибирь.Реалии» сайты хабарлады.

Әуелі ғимараттың сауна орналасқан бөлігі сүріледі. Одан соң жұмысшылар кинотеатр орналасқан ғимараттың өзін бұзады.

Сауда орталығын сүріп тастау туралы шешім қайғылы оқиғадан бірнеше күннен кейін-ақ қабылданған, бірақ бұзу жұмыстары енді басталды.

Губернатор қызметін уақытша атқарушы Сергей Цивилевтің айтуынша, әуелі меншік иесімен мәселе шешілуі тиіс. «Бізде меншік иелерінің үш тобы бар: негізгісі ғимаратты қалаға беру туралы құжаттарға қол қойды, бірқатар меншік иелері өз еріктерімен беретінін білдірген. Қалған меншік иелерімен мәселе шешіліп жатыр», — деп мәлімдеді Цивилев.

Сауда орталығын сүріп тастау шығындарын «Зимняя вишня» меншік иелері көтереді. Бірақ меншік иелерінің бір бөлігі ғимаратты бұзу туралы шешіммен келіспейді, сол себепті ғимаратты қалаға беру туралы түпкілікті шешім әлі қабылданбаған.

Тергеу комитеті «Зимняя вишня» ғимаратына салынған аресті алып тастады, бірақ қайғылы оқиға орнындағы жұмысын әлі аяқтамаған. Ғимаратты бұзу жұмыстары екі айға созылады.

Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығындағы өрт 25 наурызда болды. Ресми мәлімет бойынша, өрттен 60 адам қаза тапты, солардың 40-ы -балалар. Ғимараттағы өртке қатысты қылмыстық іс бойынша сегіз адам ұсталған.

Назым Тойлыбаева

 

turkystan.kz

[:]