АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Кемпірін қызғанып кетті»: Қариялардың қызықты биі елдің көңілін көтерді (видео)[:]

[:kz]

Желіде бәйбішесін ортаға биге шақырған қарияға таяқ ала жүгірген ақсақалдың видеосы тарап кетті. Оқырмандар қарт адамдардың әзіл-шыны аралас әрекетін көріп, күлкіге қарық болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Видео videogram_kaz Instagram парақшасында пайда болған.

Онда бәйбішесін биге шақырған ақсақалға таяқ ала жүгірген қарияны анық көруге болады.

«Кемпірін қызғанып кетті» , — деген қысқа ғана жазба қалдырған автор.

Желі қолданушылары қариялардың қылығына тәнті болды.

Олар «Бәрекелді», «Үлкен адамдарға бәрі жарасады», «Атамыз қатырады», «Махаббат деген осы» деген сынды пікірлерін жаудырып жатыр.

 
 

[:]