[:kz]
Алғаш Алматыға келіп Кеңсайды көргенде қатты таңғалып, «өліп кеткім» келген… Қазір көз де, көңіл де үйреніп кетті…
Жалпы, бейтіт, мазар тұрғызу, марқұмның басын көтеру мен ескерткіш белгі қоюдың өңірлік, аймақтық ерекшеліктері бұрыннан бар. Оны арнайы зерттеген, зерттеп жүргендер баршылық. Әсіресе этнографтарға ой салар деген оймен ата-бабам жатқан жердегі бейіт үлгілерінің суретін түсіріп әкелдім. Біздің жақта өліге құрмет бейіт басына барып немесе үйден құран оқумен айшықталады. Әзірге бейітті сәндеудің жарысы жоқ. Тым қарапайым, бірақ өте ыстық… Сіздер көрген жазуы бар қос белгі әке-шешемдікі. Жандары жəннатта болсын! Дұға жасап қойыңыздар…
alashainasy.kz
[:]