АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Кесілген басым кесіліп кетсін»: Атышулы видеодағы Арыс тұрғыны халықтан кешірім сұрады[:]

[:kz]

Арыс қаласының тұрғыны Алмасхан Шерипов 26 маусым күні болған жарылыстан бірнеше жүздеген адамның көз жұмғаны туралы айтты. Аталған видеоны Бақытжан Бұқарбай өзінің желідегі парақшасына салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Арыстағы жарылыс

«Жоғары биліктегілер, өйтіп жалған сөйлемей-ақ қойыңыздар. Әскери кісілердің өзінен 150-200 адам кетіп қалды. Жергілікті шағын ауданнан бейбіт тұрғындардың қаншасы өлгенін дөп басып айта алмаймын. 100 шақты адам кетіп қалды. Дәл осы ақпаратты сіздер жасырмай-ақ қойыңыздар. Бүкіл ел білсін, Қазақстан, біліңіздер. Осыны айтайын мен. Кесілген басым кесіліп кетсін. Мынау тура ақпарат», — деді Арыс қаласының тұрғыны. 

Алайда араға бірнеше күн салып, ол халыққа жалған ақпарат бергенін жеткізді. Сондай-ақ, ол биліктегілерден әскери бөлімнің айналасына су бөгетін салып беруді өтінген болатын. 

«2019 жылы 26 маусым Арыс қаласындағы жарылыстан 150-200 әскери, 100 қарапайым халық мерт болды деп жалған ақпарат таратқаным үшін Қазақстан алдында, бүкіл халық алдында, Арыс қаласының халқы алдында кешірім сұраймын. Қазақстан халқын, елімізді себептен-себепсіз дүрліктіргенім үшін іс-әрекетіммен кешірім сұраймын», — деді Алмасхан Шерипов. 

Еске сала кетсек, 24 маусымда Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланды. 

 

[:]