АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Кездесуге шақырып, телефонын ұрлап кеткен: Алматыда жас қыздарды сан соқтырған жігіт ұсталды[:]

[:kz]

Алматыда жас жігіт алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Ол қыздарды кездесуге шақырып, сан соқтырып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Хабарланғандай, жігіттің үш қылмысқа қатысты кінәсі дәлелденген. Ол қыздармен танысып, олардың сеніміне кіріп, алдап кеткен екен.

«Шағымданғандардың бәрі – 18 жастан асқан жас қыздар. Жігіт соны пайдаланған. Ол қызбен танысып, кездесуге шақырып, өзін жақсы адам ретінде көрсеткен. Кездесу кезінде қыздың сеніміне кіріп, одан туыстарына хабарласу үшін телефонын сұрапты. Әрине, жас қыз мұндай өңді жігіттің өтінішін орындап, телефонын берген. Әрі қарай қылмыскер «телефонмен сөйлесіп» аулақтау жерге кетіп, артынша кездесу орнынан ізін суытыпты. Бәлкім, қыздар жас, жақсы киінген жігіт мұндай арам іске барады деп күтпеген болар. Алайда жігіт таныстары мен достарына телефонның өзінікі екенін айтып, сатып жіберуге тырысқан», — дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.

Полиция өзгелердің қателігінен сабақ алып, жеке мүлкін өзгелерге сеніп тапсыруға болмайтынын айтты. 

Сонымен қатар полиция департаментіндегілер күдіктінің уақытша ұстау изоляторына тоғытылғанын мәлімдеді. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Полиция жас жігіттің әрекетінен зардап шеккендерден мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуын сұрайды: 8-727-298-53-02; 8-707-515-47-35; 8-701-718-70-69 немесе 102.

 

[:]