АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Кім боласың, қалай өмір сүресің, ол өзіңнің үлесің»[:]

[:kz]

Ойлар

«Кім боласың, қалай өмір сүресің, ол өзіңнің үлесің»
 деген жолдарды бұрын үстірт түсініп жүреді екенмін. Бұрын тек атақ-абырай, байлық-баршылық тұрғысынан қарап жүр екенмін. «Мінезіме көз салдым, тексеруге ойландым» деген хакімнің сөзін енді қолданып, өзімді шынайы зерттеп, қолға ала бастағанда ғана шынайы түсінік келе бастады.. Алдымен өзіңнің мінез құлқыңды түзеуің керек екенін, тек сол кезде ғана қандай өмір сүргің келсе сондай өмір сүретініңді түсіндім. Былай қарасаң қарапайым ғана түсінік, бірақ сондай терең және мағыналы екен.. Біз тереңіне үңіле бермейді екенбіз..

Адамға аң бастысы сыйласымдық, адамдармен жақсы қарым қатынас орната алу, тек сол кезде ғана адам баласы өзін жақсы сезіне алады. Әрине мықты денсаулық пен баршылық өмір де маңызды. Бірақ бірінсіз бірі болмайды, бірі жетіспесе шынында ақсақ аттың күйін кешесің. Адамдармен жақсы қарым қатынаста болу үшін жылы ниетті, көркем мінезді болуың шарт. Ол үшін тек дұрыс ойлап, өзіңді қолға ұстай алуды үйренуің керек. Керемет қиын шаруа. Ал ден саулық пен байлық болу үшін көп еңбектене білу қажет, мықты ЕРІК ЖІГІР талап етіледі..

Мен екеуін де қалаймын.. Ол үшін алдымен өз мінез кеселдерімді жоюуым қажет! Сол ұлы күресті бастадым. Ал сіз ше???
Ахметбек Нұрсила

Фейсбук паракшасынан алынды

[:]