[:kz]
Финляндиядағы HMD Global компаниясы классикалық “Nokia 3310” телефонын қайта жаңғыртты.
Бұл туралы The Independent хабарлайды.
Nokia брендімен құрылғылар шығару құқығына ие финдік бұл компания шығаратын телефондардың құны 59 евро тұрады.
Компания 2000 жылдары шығып, біраз уақыт көптеген адамдардың сенімді телефонына айналған бұл өнімнің корпусы берік, сапасы жоғары және қуаты ұзаққа жететін қасиеттері сақталады деп отыр.
АЛдын-ала ақпарат бойынша, жаңа телефон 27 ақпан – 2 наурыз күндері Барселонада таныстырылмақ.
stan.kz
[:]