АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Кішкентай Аяз Ата ертеңгілік кезінде ұйықтап қалды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Видеодан аңғарғанымыз, баланың жасы шамамен 2-3 жаста.

Инстаграмдағы ztb_video парақшасы Аяз ата киімін киген балабақша тәрбиеленушісінің еденде ұзынынан түсіп, ұйықтап жатқан видеосын жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодан аңғарғанымыз, баланың жасы шамамен 2-3 жаста. Олар балабақшада жаңажылдық қойылым қойып жатыр.

Бала тәрбиешісі балаға жақындап, қайтадан өз орнына кетіп қалады. еденде ұйқыға кеткен баланы ешкім мазалағысы келмегенге ұқсайды.

Желі қолданушылары бұл видеоға өз нұсқаларын ойлап тапты.

«Балалар шампанын ішкен ғой», «Мен түні бойы өлең оқыдым», «Өткенде хит болған, полиция киімін киген бала керек бұл жерге», «Шоколад ішінде ішімдік немесе коньяк болған шығар, қорабында балалардың қолы жетпейтін жерде сақталсын деп жазылып тұрады емес пе?!», «Корпоративті кештен кейін», «Бүгінгі мен», — деп жазды олар.

Кейбірі олардың әзілдерін орынсыз санап, балабақша тәрбиешілерін сынға алды.

«Масқара! Мүмкін ол өзін жаман сезініп тұрған шығар, өліп қалса да білмейсіздер. Баланы басқа жерге апару керек еді көтеріп», «Жанында төсек орындары бар емес пе, көтеріп соған салса нетті? Ата-анасы қайда қарап отыр? Бұл не деген бассыздық?», — деп ашуланды желі қолданушылар.

Осы тұста балабақша тәрбиешілерін жақтаушылар да табылды. Олар баланың «еркелігі басым» деп топшылады.

«Менің ойымша, ол үнемі осылай ұйықтайтын сияқты, тіпті мән бермегендеріне қарағанда», «Мүмкін оны жүз рет көтерген болар, бірақ ол солай жатып ала беретін шығар», «Ренжіп қалған шығар», — деді олар.

 

[:]