[:kz]
Польша Президенті Анджей Дуда жер аударған Яблонскийлер отбасын ажалдан сақтап қалған Тасыбай Әбдікәрімовты медальмен марапаттады. Түркістан облысының тұрғыны қазір поляктар жерленген қабірге күтім жасап жүр деп хабарлайды Хабар 24 ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Фото: Видеодан кадр/ Хабар 2
Тасыбай Әбдікәрімовты марапаттау кеші Варшавада өтті. 85 жастағы ақсақал «Ерлік пен бауырластық» медалімен марапатталды. Қиын-қыстау кезеңді бастан кешірген поляктарға қол ұшын созып, көмектескен адамдарды марапаттауға осы награданы тек Президент табыстайды екен.
Кадр Хабар24
Бұл марапатқа риза болған Тасыбай Әбдікәрімов қазақ халқының ұлы қасиеттері туралы сөз етті.»Маған медаль берді. Оған миллион мәрте рақмет. Бұл берген марапатқа мен қазақ халқына ырзамын. Қазақ мықты болғанына ырзамын. Себебі қазақ халқы бауырмашыл, өзге жұртты өзіне жат санамай, өз құшағына баурап, бар нәрсесін жәрдем беріп тұрды», -дейді ақсақалдың өзі.
Тасыбай мен Валентин 1952-жылы танысқан. Қиын-қыстау сәтте бірге болған олардың достығы Яблонскийлер Польшаға көшіп кеткеннен кейін де ажыраған жоқ. Бір-біріне хат жазысып тұрған достар ұзақ уақыттан кейін қайта қауышқанда көз жастарын тыя алмады.
Кадр Хабар24
Валентин жазылған соң өзі қазақтарға көмектесе бастаған. Медициналық білімі бар ол фельдшер болып жұмыс істеп, күн сайын ауылдарды аралап, талай жанды ажалдан арашалаған. Осылай қазақ тілін де жетік үйреніпті.
Кадр Хабар24
Тасыбай ақсақал өмір бойы агроном болып жұмыс істеген. Тоғыз баланы тәрбиелеген ол бүгінде немелерінің қызығына бөленіп отыр.
Қазақ пен поляк арасындағы достық әлі талай ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
[:]