[:kz]
Қарағандының білім бөліміндегілер нашар отбасыдан шыққан қыздың өмірі туралы айтып берді. Төрт жасар қыздың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанына көргеннен кейін, оны ата-анасынан алып кеткен.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Новый вестник» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағандыда төрт жасар қыз осы күнге дейін адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп келген. Көршілері еріктілерге айтуынша, қызклеенканың үстінде көрпесіз ұйықтап, ата-анасының ішімдік ішкенде жеген тамақтарының қалдықтарымен ауқаттанған.
Еріктілер аталған отбасыға барып көріп, қыздың денесінен жара мен көгерген іздерді байқапты. Мұнан кейін мәселеге ювеналдық полиция араласып, баланы ата-анасынан алып кеткен. Бүгінде қыздың кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығында жүргеніне 3 ай болды.
«Баланың денесінде айтарлықтай ауыр жарақат, аяғының пішіні өзгеруі болған жоқ. Еріктілер осылай әсірелеп ақпарат берген. Алғашқы тексеру кезінде баланың оң көзінің асты қанталап тұрғаны анықталды. Қазіргі уақытта ол қыздың анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер ол біздің талаптарымызды орындаса, баланы отбасына қайтарамыз. Әзірге бұл туралы нақты айта алмаймын», — дейді білім бөлімінің қамқорлық және қорғаншылық секторының меңгерушісі Әсем Ерішева.
Сонымен қатар бұған дейін қыздың анасы жауаптылыққа тартылмағаны хабарланады.
«Денесіне жарақат салу дерегі бойынша қылмыстық іс тоқтатылған сияқты. Қыздың биологиялық әкесі бар. Анасы оңалып кете алады», — дейді білім бөліміндегілер.
Сондай-ақ, ведомстводағылар бұл ретте баланың ата-анасымен байланысын сақтау басымдылық берілетін міндет саналатынын атап өтті. Маманның сөзінше, қыздың анасын ата-ана құқығынан айыру үшін, қолдарында растайтын материалдар жоқ.
[:]