АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Көктөбе» мұнарасын шекарашылар қалай қорғады: ҰҚК ақпарат берді (фото) [:]

[:kz]

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласындағы «Көктөбе» теледидар мен радиохабар мұнарасына жасалған шабуыл туралы ақпарат ұсынды.

Ресми мәліметке сүйенсек, ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің жеке құрамы құқық қорғау органдарымен және әскери құрылымдармен бірлесе отырып, Алматы қаласының әкімшілігі мен стратегиялық маңызы бар нысандарын қорғауға тікелей қатысқан.

Фото: ҰҚК ресми сайты

«Митинг кезінде қылмыскерлер «Көктөбе» теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты, осылайша бандиттер ақпараттық басымдыққа ие болып, өз талаптарын қоюды көздеген еді, алайда шекарашылар шабуылға тойтарыс берді. Сонымен қатар, шекарашылар «Медеу» селден қорғау бөгетінің периметрін де бақылауға алды»,- делінген ҰҚК хабарламасында.

Сонымен қатар, контртеррористік операцияның белсенді кезеңінде департаменттің әскери қызметшілері ҰҚК ШҚ арнайы бөлімшесімен бірге қылмыскерлерді, сондай-ақ заңсыз жолмен шетел асып жасырынуға тырысқан адамдарды анықтау және ұстау жұмыстарын жүзеге асырды.

Фото: ҰҚК ресми сайты

Шекара әскерлерінің бөлімшелері қазіргі кезде де нысандарда жауынгерлік кезекшілікті атқаруда.

 

 

[:]