АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Колбин кет»: Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты[:]

[:kz]

Талғар ауданы Талдыбұлақ ауданында жеке балабақшада бүлдіршіндер ерекше қойылым қойды. Қойылымның видеосы желіге тараған соң жауапты қызметкерлер жауап тартылатын болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде тараған видеодан бүлдіршіндердің Тәуелсіздік күніне орай қойылым қойғанын байқауға болады. Қолына ойыншық  қару асынған балалар «Колбин, кет» деп айқайлайды.

Бұған Алматы облысы білім басқармасы жауап берді. 

«Facebook» әлеуметтік желісінде орналастырылған бейне туралы төмендегіні мәлімдеймін.

Көрсетілген іс-әрекет 2019 жылғы 12 желтоқсанда Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы «Бал бұтақ» ЖШС-нің «Бал бұтақ» жекеменшік балабақшасының «Сұнқар» ересектер тобында орын алған.

Аталған жекеменшік балабақша 80 орындық. 2018 жылғы 27 қарашадан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында бейнеде көрсетілен бағыттағы іс-шаралар қарастырылмаған және де ондай шараларды жүргізуге жол берілмейді.

Бұл — жекеменшік балабақшаның өзіндік әуесқойлық қойылымы.

Қазіргі таңда балабақша құрылтайшысы мен әдіскері Талғар аудандық білім бөліміне түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін шақырылды.

Сондай-ақ, өз тарапымнан, осындай іс-әрекетке жол берілмеуі керектігі туралы және осындай іс-әрекеттерге жол берген осы адамдарға ең қатаң жазалау шаралары қолданылатын мәлімдеймін», — деді басқарма жетекшісі Дәурен Жүнісов.

«Желіде балабақшалардың бірінде видео таралып жатыр. Оқиғаның біздің облыстағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болғанын білдік. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қарастырылмаған және қабылданбайды. Қазір мектепке дейінгі білім беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшінбалабақша құрылтайшысы және әдіскері аудандық білім бөліміне шақырылған», — деді баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жукел.

[:]