АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қолдан көлік сатып алу кезінде нені ескеру керек? (КЕҢЕСТЕР) [:]

[:kz]

Айдалған көлікті сатып алатын кезде нені ескеру керек? Бұл сұрақ бүгінде әрбір адамды мазалайды. Себебі, ол көлік пайдаланылған

Сатып алушы қолдан көлік аларда абай болу керек.

Мысалы, ол таңдаған «тұлпар» ұрланған, соғылған немесе «ауруы бар» болуы мүмкін. Сондықтан, келісім жасау кезінде неге назар аударатынын біліп алу маңызды.

Төменде біз осы тақырып төңірегінде бірнеше кеңестер ұсынамыз

 Сауда нұсқалары

Алдымен сату, сатып алу түрлері туралы мәмілелер қалай жүргізілуі керек екенін анықтап алу керек. Себебі, автокөлік сатып алу жауапты, жеке назар аударатын іс. Қазір көліктер тікелей меншік иелері және агенттіктер арқылы сатылады.

Кейде сенімхат арқылы сауда жүруі де мүмкін, бірақ мұндай нұсқа сирек кездеседі. Сондықтан, кең таралған түрлерін қарастырайық. Неге мән беру керек? Барлығы жағдайлар мен жеке тілектерге байланысты болады.

Айдалған көлікті сатып алудың әрбір нұсқасының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан, адамдар өз қалауы бойынша таңдау керек.

Ұсталған көлікті тікелей сатып алу

Меншік иесінен тікелей сатып алуды қарастыратын болсақ, мыналарға назар аудару керек:

көліктің барлық ерекшеліктерін анықтау;

үстеме бағаның болмауы;

олар алаяқтар болуы мүмкін;

меншік иесі тарапынан жалған ақпарат айтылуы мүмкін;

автокөлікті сатып алуды (ақша аудару) алдын ала талқылау қажет;

көлікті тексеру келісім бойынша жүзеге асырылады (мұны бірнеше рет жасауға болады).

Ескерте кетейік, сауда кезінде қызықтыратын қауіпті ұсыныстар да айтылып жатады.

Егер, САТЫП АЛУШЫ заң тұрғысынан сауатсыз болса, кейде меншік иесімен жасалған мәміле заңсыз деп танылуы мүмкін!

Себебі, сатып алушы қолданыстағы заңнамадан хабарсыз адам болады.

Агенттіктер арқылы сатып алу

Кейбір адамдар көлікті делдалдар арқылы сатып алуға қызығушылық танытады.

Әдетте, бұл көп сенім тудырады. Десек те, делдалдан көлік сатып алу мынандай оң және теріс тараптарға ие:

мәмілеге үстеме баға қосылады;

мәміле компанияның заңгерлері арқылы жүреді;

мәміле толық заңды болады;

алаяқтармен жұмыс істеуге жол берілмейді;

үлкен бәсекелестік туындайтындықтан, сатып алу нақты үзеге аспайды.

Құжаттарды тексеру

Енді қолдан алынатын көлікті тексерудің негізгі бөлімін қарастырайық.

Ең алдымен көліктің құжаттарын тексеру керек

. Оларды көрсетуді автокөлікті техникалық тұрғыдан тексергенге дейін немесе тексеру кезінде талап ету қажет.

Делдалда немесе меншік иесінде мынандай қағаздар болуы тиіс:

көлік құралының төлқұжаты;

мемлекеттік нөмірі;

тіркеу туралы куәлік;

көлікке иелік құқығын куәландыратын құжат.

Сондай-ақ, сатушы азаматтан төлқұжатын сұрау керек. Егер, осы аталған қандай да бір құжат болмаса, сатып алудан бас тартуға тура келеді. Себебі, «құжат жасыру» әдісін алаяқтар қолданады. Ортақ мүлік

Мәмілеге дейін көліктің басқа иесі бар-жоғын анықтау қажет.

Егер бар болса, (мысалы: көлікті иесі мен жұбайы бірлесіп алған болса) меншіктің екінші иесі бұл мәмілеге қарсы еместігін нақтылап, жазбаша келісімін сұраған жөн және оны нотариустан куәландыру керек.

Бұл құжат болмаса, көлікті сатуға келіспейтін адамның мәмілені жоюға мүмкіндігі болады. Ал, мәміле жойылса, көлікті бұрынғы иесіне қайтару керек болады.

Сыртын қарап шығу және тексеру

Көлікті қолдан сатып алу тек қағазды талап етпейді, оны мұқият қарап шығу керек.

Сыртынан көрсетпесе мәміледен бас тарту керек. Өйткені сатып алушы қандай көлік алатынын білуі қажет. Мүмкін, ол сынған немесе соғылған көлік шығар..

. Көлікті барлық жағынан көріп, әрбір зақымға назар аудару қажет, тіпті кішкентай сызатқа дейін және олардың неден болғанын сұрау қажет.

Одан кейін, көліктің төбесінен астына дейінгі барлық бөліктерін өте мұқиыт тексеру қажет. Сонымен қатар, көліктің бояуын да салыстырған артық емес.

Егер әр жерінің бояуы бір-біріне сәйкес келмейтін немесе басқа бір жерлері ұнамайтын болса, мәміледен бас тарту туралы ойланған жөн.

Келсімшарт

Қолдан сатып алу кезінде тағы бір құжатқа мұқият болу қажет.

Ол – көліктің сипаттамасы мен құны көрсетілетін сатып алу-сату шарты. Көлікті қағаздағы барлық ақпаратпен салыстырып, төлеуге тиісті қаржыны және төлем тәртібін мұқият зерделеу қажет. Себебі, ауызша келісімнің заңды күші болмайды.

Енді, барлық тұрғыдан тексеріп, өзіңізге және сатушыға сенімді болғасын, келісім жасауға және көліктің құнын төлеп, заңды түрде өз атыңызға тіркеуге болады. Есте сақтаңыз, барлық құжаттар мен келісімдер ЗАҢ аясында рәсімделгені дұрыс!

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ

 

[:]