[:kz]
Алматы облысы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-қызметкері Жауғаштыдағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан трансгендер Виктория Беркходжаеваға сексуалдық зорлық көрсеткені үшін сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Іс Алматы облысының Іле ауданыда қаралған. Ер адам Жауғашты ауылындағы ЛА 155/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған. Сотта сотталушы өз кінәсін мойындамай, ақтайтын үкім шығаруды өтінген.
Алайда сот барлық айғақтарды зертеп, күш қолдану әрекеттерін жасау фактісін анықтады. Сондай-ақ сот оларды азаптау деп таныған. Ер адамның кінәсі жәбірленушінің түсініктемесі және сараптама қорытындыларымен расталған.
Бұл 2019 жылы осындай қылмыстарға жаза қатаңдатылғанға дейін жасалғандықтан, ер адам жалпы режимдегі колонияда алдағы 5,5 жылын өткізеді. «Сот шартты түрде немесе жеңілірек жаза тағайындауға негіз таппады», — деді Іле аудандық сотының баспасөз қызметі. Одан бөлек, сотталушы «майор» шенінен айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, белгілі адвокат Айман Омарова колониядағы трансгендер Виктория Беркходжаева зорлық құрбаны болғанын айтқан болатын. Еске сала кетсек, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірініші орынбасары Теңізжан Жәнібеков журналистерге трансгендер Виктория Беркходжаеваның ісін ІІМ-нің бақылауына алғанын мәлімдеген еді.
[:]