[:kz]
Талдықорғанда бұзақылар Ақын Сараның ескерткішін бүлдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ескерткіш қала орталығында орналасқан, ол жерде Сараның есімімен аталған көше де бар. Бұзақылар Ақын Сараның қолынан домбыраны жұлып тастаған. Әлеуметтік желіде осы жағдайға қатысты әр түрлі пікірлре жазылып жатыр. Қалалық әкімдіктегілер вандализм дерегі ерекше бақылауда екенін айтты. «Бұзақылық жайлы қала әкіміне хабарланды. Дастан Шалтабаев полиция қызметкерлеріне тапсырма беріп, оқиғаның мән жайын анықтауды бұйырды. Құқық қорғау органдары осы баәселені жіті бақылауда ұстап отыр», — деді Талдықорған әкімі баспасөз қызметінің өкілі Данияр Жаныс
kaz.tengrinews.kz
[:]