[:kz]
Алматы тұрғындарынан Bek Air ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыруды сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті алматылықтар! Ұшақтың құлауына байланысты барлық қан топтарының донорларына шұғыл көмек қажет! Алматыдағы қан құю орталығының мекен-жайы: Бұқар жырау 47, телефон 274-31-99. Алматы облысындағы қан құю орталығының мекен-жайы: Қаскелең, Абылай хан көшесі, үй. 42. Телефон +7 (72771) 2 28 04.
Донор ауруға шалдыққан немесе ауыратын адам болмауы керек: гепатит, бруцеллез, мерез, жүрек аурулары, бронх демікпесі, есірткіні тұтынушылар, созылмалы алкоголизммен АҚТҚ жұқтырған адамдар болмауы тиіс», — деп жазды Саин Facebook-тегі парақшасында.
Ұшу кезінде ұшақ биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды жарып жіберді, екі қабатты ғимаратпен соқтығысты. Құтқару жұмыстары дереу басталды. Апаттан 14 адам қайтыс болды.
Тағы оқыңыз:
Алматыда ұшақтан қаза болғандар саны 14 адамға жетті
Алматыда және Нұр-Сұлтанда сенім телефоны ашылды
Bek Air ұшағы апатынан қаза болғандардың тізімі шықты
[:]