[:kz]
Шымкентте бір отбасын түгел қырып салды деп айыпталған күдікті Тараз қаласының теміржол вокзалынан ұсталды деп жазады TVK телеарнасы ішкі істер органдарына сілтеме жасап.
Есте болса өткен аптада Шымкенттегі жер үйлердің бірінде 1965 жылғы әйел мен оның екі ұлын (22 және 13 жастағы) белгісіз біреу айуандықпен өлтіріп кеткен болатын. Олардың мәйіттері өз үйлерінде 8 ақпан күні кешке табылды.
Телеарнаның мәліметінше, 10 ақпан күні полицейлер күдіктіні ұстаған. 11 ақпан күні Шымкентке жеткізіпті. 1991 жылғы жігіт бұрын Шымкентте тұрған екен, жақында ғана Таразға қоныс аударған.
«Ол аталған отбасының үлкен ұлымен таныс болған, екеуі бірге Dota компьютерлік ойынын ойнайды екен. Күдіктінің айтуынша, жуырда досы дүкеннен қымбат компьютер сатып алыпты. Бұл соны ұрлау үшін аталған үйге ұрлыққа түскен. Алдымен үйді бірнеше уақыт аңдыпты. Ешкім жоқ-ау дегенде қоршаудан асып түскен. Алайда, үйде досының анасы болып, ол әйелді кастетпен ұрып өлтіріпті. Осы уақытта үйге үлкен ұлы келіп қалған. Күдікті досын үстелдің аяғымен ұрып өлтіргенін айтып отыр. Ісін бітіріп болған кезде үйге мектептен кіші ұл да кеп қалған. Оны буындырып өлтірген», — деп мәлімдеді TVK телеарнасы.
sn.kz
[:]