[:kz]
«Шудың бойында» хитінің орындаушысы Ахан Отыншиев бір өлімнен аман қалғанын мойындады. Белгілі болғандай, өнер иесіне оқ тиіп, ол көп мөлшерде қан жоғалтқан. Алайда, дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп, әншінің өмірін сақтап қалған. Басынан өткен ауыр жағдай туралы шоу-бизнес жұлдызының өзі айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.
Ахан Отыншиев бұл оқиғаның арқасында ойыннан өрт шығатынына көз жеткізген. Әнші ойнап жүріп атысамын деп өмірмен қош айтыса жаздаған.
«Иә, ойнап жүріп атысқанбыз. Пневматикалық тапаншалар бар ғой торғайларды ататын, соның майда-майда оқтары тиген маған.Ондай оқиғаның болғаны рас. Дәрігерлердің көмегімен аман қалдым. Қан көп кетіп қалды. Көп оқ тигендіктен қан да көп мөлшерде кетті. Өмір мен өлімнің ортасында болдым» , — деді Хит әннің орындаушысы.
Айта кетейік, бұған дейін Ахан Отыншиев өзінің анаша шеккенін мойындаған болатын. Алайда, өнер иесі уақын өте келе діни жолға бет бұрып, есірткі атаулысын түбегейлі ұмытқанын жеткізді. Бүгінгі күні өнер иесі харам нәрселерден аулақ екенін айтты.
[:]