АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Көптеген қазақстандықтар Ресейдің Украинаға жасаған шабуылынан кейін қорқып қалған », — Сейсембаев[:]

[:kz]

Қазақстанның көптеген азаматтары Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруін өз елімен не болуы мүмкін екендігінің прототипі ретінде қабылдады. Мұндай пікірді қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев «Гордон» басылымының негізін қалаушы Дмитрий Гордонға берген сұхбатында айтты деп хабарлайды  altyn-orda.kz/kz

«Бұл барша қазақстандықтарды таң қалдырды десем, қателеспеспеймін. Бұл нағыз шок болды, бұл ойға да келмейді. Барша қазақстандықтар мұны өте жақын қабылдады. Өйткені, біріншіден, көпшілік Қазақстанға не болуы мүмкін екендігінің прототипін көрді. Сондықтан көптеген адамдар оны осылай қабылдады. Екіншіден, көптеген қазақстандықтар Украинадағы бостандық пен демократиядан үлкен үміт күтті. Айтпақшы, бұл менің Украинаға реформалар жүргізуге көмектесу үшін, дәлірек айтқанда, Украина табысқа жету үшін барған себептерімнің бірі болды», — деді Марғұлан. 

Сейсембаев бұл ол үшін маңызды идеологиялық хабар екенін атап өтті. 

«Соққы одан да көп болар еді, бірақ қаңтарда бізде өте қызықты емес оқиғалар болды және бұл оқиғалардың соққысы күштірек, өйткені ол бірінші болды. Біз өркениетті қалалардың, салыстырмалы түрде айтқанда, Сирияның қалаларына қалай сырғып, тонаушылық пен кісі өлтіруге тез тайып кететінін көрдік. Бұл соққы бірінші болды, ал сөзбе-сөз бір айдан кейін — соғыс. Қазақстан халқы мұны өте теріс қабылдады, барлығы Украинаның өзі үшін ғана емес, біз үшін де күресіп жатқанын бірден түсінді», — деп қосты Сейсембаев. 

Одан әрі Сейсембаев соғыс жағдайындағы бизнестің жұмысына тоқталды, оның айтуынша, қазір Украинадағы компаниялар негізінен «нөлге дейін» жұмыс істейді немесе пайданы қайырымдылыққа аударады. Сейсембаев украиндық бизнес күзге дейін қайта құрылады деп болжаған, өйткені «пайда бар – дамуға болады, пайда болмаса – даму мүмкін емес». 

«Сіз бен біз жақсы жағдайға келетіне сенімін», — деп қосты Марғұлан. – Өйткені Украина жеңіске келмесе, онда барлығына қиын болады. Бұл кез келген адамға моральдық жағынан да, идеологиялық жағынан да қиын болады. Мен тек Пандораның қорабы ашылады деп қорқамын. Одан кейін Польша, Қазақстан, басқа елдер де болуы мүмкін. 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін біз соңғы жылдары өзімізді еркелеттік, өмір сүріп, әлемді заңдар билейді деп ойлай бастадық, бірақ Путин келіп, мыңдаған жылдар ішінде әлемде ештеңе өзгермегенін көрсетті. Күш әлемді билейді. Қатал күш. Путин барлық заңдарды бұзды», — осындай қорытынға келді Сейсембаев.

Керімсал Жұбатқанов 

[:]