АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Көрген зорлығымның бәрін айтсам, ол ешкімнің бетіне қарай алмайтын еді»: Алтынай Жорабаева [:]

[:kz]

 

 

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына қатысты белсенді түрде ойын айтып жүр. Оның пікірінше, бізге мұндай заңның керегі жоқ. Неге? Бұл жайында әншінің өзінен сұрадық.

 

Бұл туралы Caravan.kz порталы Nege.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

– Алтынай, соңғы кезде «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына қарсы екеніңізді ашық білдіріп жүрсіз. Мұндай заң керек емес деп ойлайсыз ба?

– Заң жобасы туралы Инстаграмдағы парақшамда үнемі айтып жүрмін. Әрине, керек емес. Өзіңіз де жобаның тармақтары мен баптарын шолып шыққан боларсыз. Гендерлік теңдікті насихаттау деген сөз біржынысты неке мен транссексуалдардың құқын көтеру емес пе? Олар осыны желеу етіп отыр. Мұнда ер азамат пен әйелдің құқы туралы сөз жоқ.

Тағы бір мәселе – бала құқығы. Қазір көп мектепте ата-анасы қанша табыс табады, үйі қанша шаршы метр, қандай жиһаз бар, жеке басқа қатысты мәліметті сұратады. Мұның бәрі психологиялық қысым. Бізге бұл керек пе? Әрине, біз және біздің қоғам зорлық-зомбылыққа қарсы. Ол үшін жазаға тартатын «Қылмыстық кодекс» бар ғой. Сол кодекстің баптарын қатаңдатса жетіп жатыр емес пе?

Мына заң жобасын президент Қ.Тоқаевтың өзі асықпай, қайтадан қарау керек екенін айтты. Шын мәнінде, заңның астарына үңілсек, ЛГБТ-ны насихаттаудың құлағы қылтияды. Ол ол ма, қазір жыныс ауыстыруға да рұқсат берді. Оның не керегі бар? Өткенде ғана «Хабар» арнасы трансгендер туралы ашықтан-ашық жарнама жасап отыр. Бағдарламаға қатысқан имам да, басқасы да «Мынауың не?» деген жоқ.

 Дегенмен, қоғамда көбінесе әйелдердің зорлық-зомбылық көретіні жасырын емес. Әсіресе, ауылды жерде тұратын әйелдер…

 

– Жасырын емес. Мұның бәрін білемін. Зорлық-зомбылыққа әу бастан қарсымын. Бірақ Ішкі істер министрлігі «Қылмыстық кодексті» негізге алып, осындай еркектерге қатаң шара қолдану керек. Керек болса, қамап тастасын. Ал бізде тек ескерту беріп кетеді. Бізге қайдағы бір педофильдің жазған заңы керек емес. Одан да қолданыстағы кодексті қатаңдату керек.

– Бұған дейін журналистерге берген сұхбаттарыңызда бұрынғы күйеуіңіздің тарапынан зорлық көргеніңізді айтқан едіңіз. Осы тұрғыдан алғанда заң жобасын қолдай ма деп ойлап едік…

– Бұл туралы ашық айтқан жоқпын. Анна Данченко деген журналист концертіңізді түсірсек деп, осындай қулыққа барды. Яғни, рейтинг үшін алдап соғып, солай шығарған.

 Бірақ өміріңізде сондай сәттер болды ғой…

– Болды. Бірақ оның бәрін не үшін айтуым керек? Қазір Сәбиттің басқа отбасы бар. Егер қазір түгел айтсам, ол жер бетінде ешкімнің бетіне қарай алмаушы еді.

(Сұхбат қысқартылып алынды)

[:]