[:kz]
Танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова өзінің ер мінезділігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, шын мәнінде, әкесі Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасы қандай болғанын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап.
Тележүргізуші одан неге материалдық жағынан қиналған кезде әкесінен көмек алмағанын сұрады.
«Жоқ. Менің бірбеткей мінезім бар. Біреуге барып көмек сұрау? Мен әлі күнге дейін көмек сұрауды үйренген жоқпын. Неге екені белгісіз, әлі күнге дейін ішімдегі еркекті өшіре алмай келемін. Тіпті, жанымда ер азамат болса да, оған өзімнің қиындықтарым туралы айту қиын. Біртүрлі күйге түсемін. Менде ондай әдет жоқ екен. Шынымды айтсам, соңғы 4-5 жылда ғана ішімдегі әйелді қосқан шығармын», — деді Құралай Нұрқаділова.
Әрі қарай ол әкесімен ұзақ уақыт тілдеспей келгенін ашып айтты. Тіпті, көріп тұрып амандық сұраспай өтіп кететіндей дәрежеге жеткен. Осы орайда ол әке мен қыздың арасына түскендердің барын да сөз етті.
«Мүлдем десем де болады. Біз сондай қарым-қатынаста болдық. Мен оны кінәламаймын. Бұл оның таңдауы болды. Қазір оны түсінемін. (…). Қазір маған жеңілдеу болу керек пе еді деп ойлаймын. Кішкене жұмсақтау деген сияқты. Мұны көрген кейбір адамдар шокта болды. Біз амандаспай, бір-біріміздің жанымыздан өтіп кететін едік. Жағдай қиындау болды. Адамдар бұған өте қатты таңқалды. Біздің мінезіміз бірдей. Айтпақшы, мәселе біздің мінезіміздің бірдей екендігінде емес. Адамдар үшін біздің араласпауымыз қызық болды. Тіпті, біз сөйлесіп үлгергеннің өзінде бізді ұрыстырды», — деді Құралай Нұрқаділова.
Естеріңізге сала кетсек, Құралай Нұрқаділова әкесінің танымал азамат болғанына қарамастан, жасөспірім шағында көп жұмыс істеуге мәжбүр болғанын айтқан еді.
[:]