АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Коронавирус: Ресейлік дәрігер Қазақстанда жағдай қашан жақсара бастайтынын айтты [:]

[:kz]

Ресейлік пульмонолог Евгений Попов Қазақстандағы жағдай екі аптадан кейін жақсара бастайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресейлік дәрігерлер елімізде кем дегенде шілденің соңы мен тамыздың басына дейін болуды жоспарлап отыр. «Бастапқыда бізді екі аптаға іссапарға жіберді, содан кейін қанша қажет болса, сонша боласыңдар деді. Шілде айының соңы — тамыздың басына дейін осында болатынымыз анық. Біз ұйымдастыруға көмектесеміз, нақты ауыр жағдайлар бойынша көмек береміз. Менің ойымша, сол уақытқа дейін жағдай айтарлықтай жақсара бастайды, карантин шаралары жемісін береді», — деді Евгений Попов.

Дәрігердің сөзінше, шектеулердің оң әсері туралы айтқанда әзірге мұқият болу керек. «Жақын арада індеттің шарықтау шегі өтуі мүмкін екенін аса сақтықпен айтар едім.

Себебі біз де көріп отырмыз. Тағы бір-екі апта күтеміз, содан кейін біз нақты айта аламыз. Біз келген күні ауыр пациенттерді көрдік. Қазіргі кезде ондай науқастар бірлі-жарым түсіп жатыр», — деп сөзін толықтырды ресейлік пульмонолог.

Еске сала кетсек, осыған дейін Евгений Попов Қазақстанда карантин жеңілдетілгеннен кейін ел тұрғындары қорғанудың қарапайым әдістерін елемеді деп мәлімдеген болатын. 

 https://kaz.nur.kz/1865493-koronavirus-resejlik-driger-kazakstanda-zagdaj-kasan-zaksara-bastajtynyn-ajtty.html

[:]