АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Заң қайда?»: Тікелей эфирде той жасаған отандық бағдарлама жұрттың шамына тиді [:]

[:kz]

Анара Сүлеева есімді желі белсендісі тікелей эфирде үйлену той жасаған отандық бағдарламаны сынға алды. Ол карантин кезінде жоба басшылары бассыздыққа барды деп отыр. Бұл туралы Анара Сүлеева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

«Телеэкрандағы той не масқара? Карантин күшейтіліп, талап қатаң болмағаны ма? Қайда арақашықтық? Қайда талап? Қайда заң? Қалаулымның тағдырына Тоқаев тосқауыл қояды дегенде атауын өзгертіп «қосылайық», «бір болайық» деп өзгертіп 3 сағатты 4 сағатқа ауыстырып, тоқтаусыз көрсетіп жатыр», — деп ашуланды ол.

 Желі белсендісі ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевадан карантин шараларын сақтамаған бағдарламаға шара қолдануды сұрады. «Халық қынадай қырылып жатқанда эфирдегі бөксе бұлғаңдап билеу басынғандық емес пе?», — деді Анара Сүлеева. Бұны көрген желі оқырмандары жазба авторының сыны орынды екенін жеткізген.

«Менде осыны көріп жүрегім сыздап еді, бетімен кеткені несі деп, эфирге звондап, айқайлайын деп отырған едім, ел қайғы жұтып отырғанда, осындай бәлелерді көрсетіп мазақ қылады», «Ешкімнің əлі жетпейтін не қылған күшті шоу», «Өте дурыс айтасыз! Адамдар азан-казан болып жатканда не той мынау», «Толықтай қосыламыз. Жауапқа тарту керек. Сотқа беріңіз.

Толық құқығыңыз бар», «Халық несіне мазақ қылып отыр», «Заң бәріне ортақ», «Масқара» деді ол. Еске сала кетсек, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің отырысында карантинді 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

 

kaz.nur.kz/1865486-za-kajda-tikelej-efirde-toj-zasagan-otandyk-bagdarlama-zrtty-samyna-tidi-video.html

[:]