АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Коронавирус жұқтырған 14 адам Нұр-Сұлтанға қайдан келді[:]

[:kz]

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәлімдемесі

Оның айтуынша, бүгін анықталған 14 адамның төртеуі Оңтүстік Корея мен Италиядан келген қазақстандықтар болса, тоғызы олармен байланыста болған.  Бір әйел адам инфекциялық ауруханаға ЖРВИ диагнозымен түскені анықталды.

«Бүгін, 17 наурызда Қазақстан Республикасының азаматтары, Нұр-Сұлтан қаласының 14 тұрғынынан коронавирус инфекциясы табылды. Олардың бесеуі қаладағы инфекциялық аурулар ауруханасының инфекциялық блогында, станционарда карантинде жатқан. Олардың ішінде төртеуі Оңтүстік Корея мен Италиядан келген рейстерден карантинге жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты. Бір науқас әйел сол инфекциялық блокта орташа деңгейлі жедел респираторлық вирустық инфекциямен ауырып жатқан. Қазір ол орта ауыр халде. Қалған тоғыз адам эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз елдерден келген адамдардың денсаулығына мониторинг жасау кезінде және олармен байланыс орнатылған адамдарды тексеру кезіне анықталды», — деп мәлім етті Қисықова.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

azattyq-ruhy.kz/

[:]