АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Коронавирустан қорыққан шаштараз клиенттермен жұмыс істеудің ерекше әдісін ойлап тапты (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Қытайдағы шаштараздар COVID-19 басталған кезде клиенттерден қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін құралдарды таяқтардың ұшына орнатқан, деп хабарлайды Inform.kz.

1 наурыз күні Сычуань провинциясындағы Лучжоу қаласындағы шаштараздардың түсірген қызықты видеода шаштараздар щеткамен, ұстарамен және шаш кептіргішті бір метрден астам таяқтардың ұшына орнатып, іске қызу кіріскендігін көруге болады.

Клиенттер өздерін қауіпсіз сезінуі үшін, шаштараз осындай «алыс қашықтықта жұмыс істеу» әдісін ойлап тапты. Шаштараз иесі «бұл идеям клиенттерді қатты қуантуда» деген пікірде.
 

[:]