АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Коррупция деп осыны айт!»: Қызылордада жаңа саябақ жыңғыл мен шеңгелге толған (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Арасында бір алмұрт, бір өрік бар екен. Оған да Құдайға шүкір деп отырмыз. Ақша деген боқтан өзгеге кетіп жатыр…» — дейді әбден күйінген азамат

Жасмин Табылдиева есімді желі қолданушы Facebook-тегі парақшасына Қызылордадағы өрескел әрекетті әшкерелеген видео жариялады. Бұл ретте, жергілікті билік қаладан ашылып жатқан жаңа саябаққа «Алматыдан әкелдік» деп жыңғыл мен шеңгелді отырғызып жатқан көрінеді, деп жазды paryz.kz.

«Қызылорда қаласына отырғызылған қарағаштар. Міне, коррупция деп осыны айт! Болмайтын осы қарағаш ушін миллиондап ақша жұмсап отыр… Осындай қарағаш керек болса, маған-ақ айтпай ма, өзім-ақ тауып берер едім бесплатно. Бұндай қарағаштар Қызылордада валом…» — дейді жазба авторы.

Ал ол жүктеген видеоны түсірген жігіт бастан-аяқ әлдебіреулердің әке-шешесін сыбап шыққан. Әр боғауыздың орнына көп нүкте қойып жарияласақ, оның айтқаны мынау:

«Шалқиядан парк соғылып жатыр. Парктің ішінде Алматыдан әкелінген жыңғыл бар… Бір түбі 250 мың ба, сондай. Кәдімгі біздің отынға жағатын жыңғыл… Болмайтын бір талдар… Қайтіп күйінбейсің?!. Ал мынауы нан пешке жағатын ақ отын ба, бірдеңе… Ылғи отқа жағатын пәлелерді алып келген ғой. Мынау – шеңгел… Бәрі қосылғанда, бұның әр түбі пәленбай миллион болып келді ғой. Арасында бір алмұрт, бір өрік бар екен. Оған да Құдайға шүкір деп отырмыз. Ақша деген боқтан өзгеге кетіп жатыр. Бізге 16 желтоқсанға сыйақы бермеді, осы шеңгел мен жыңғылды аламыз деп…» — дейді әбден күйінген азамат.

 

 

 
 

[:]