АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көшенің қақ ортасында-ақ қойны-қонышына қол жүгіртіп, бажылдататын едім…[:]

[:kz]

 

 

Армиядан келген соң, оқуға түсе алмай қалып,ауылда бір жыл, электромонтер болып жүрдім. Бағананың басына шығып алып, сым жалғап тұрғанымды көріп жеңгелерім: «Ағаш құшақтағанша, үйленіп алып келіншегіңді құшақтамайсың ба?» деп,жыныма тиетін. Жерде, қасында болсам, олай қалжыңдағаны үшін, көшенің қақ ортасында-ақ қойны-қонышына қол жүгіртіп,бажылдататын едім…))

Айтайын дегенім, сол жас шағымда он-он екі метр биік бағананың басына, еш қорықпай-ақ мініп-түсе беретінмін. Өткенде ауладағы қарағаштың бұтағын кеспек болып, бар болғаны үш метр биікке шықсам, жүрегім суылдап қоя бергені )). Əуелде түсінбедім. Давлением көтеріліп тұрған шығар деп. Үйге кіріп, қан қысымымды өлшедім. Бəрі дұрыс. Қайта шықтым, ағашқа. Бəрібір солай…

…Елу жасымда биікке шықсам, жүрегім суылдайды,сексенге таянғанда… түрлі-түсті шардан жүрегім жарылып кететін шығар…

 

Малик Ораков

Фейсбуктегі парақшасынан

 

[:]