АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Қостанай облысында 5 жасар қыз жоғалды: Бүлдіршінді соңғы рет көрген куәгерлер табылды[:]

[:kz]

 

Қостанай облысында жоғалып кеткен бес жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасуда. Белгілі болғандай, оны соңғы рет көрген куәгерлер табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Іздестіру шараларына 500-ден астам полиция қызметкері, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Төрт дрон және төрт арнайы техника бірлігі пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдар іздестіру шараларына белсенді түрде көмек көрсетуде.

Іздеуге қосымша сегіз көлік пен 60 адам бөлініпті. Олар баланы тас жолдарда, шаруа қожалықтарының аумақтарында, егіс алқаптарында, жыралардан іздеп жатыр. 

Cондай-ақ, Тобыл өзенінің бойында патрульдер мен қайықтар іздеп жүр.

Кеше сағат 9:00 шамасында қызды көргендерін растаған куәгерлер анықталды. Олардың сөзі бейнебақылау камералары арқылы расталады.

Бұған дейін қыздың сөйлей алмайтынын айтқан едік. Мәліметтерге сүйенсек, балан іздестіруге психологиялық денсаулық бағытында ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейтін психологтар қосылған. 

“Ауылдың барлық аумағы қамтылды. Жоғалған қызды табуға барлық шаралар жасалуда”, – деді жергілікті полиция басқармасы. 

Еске салсақ, бес жастағы Мәдина Ерланқызы 7 тамызда жоғалып кеткен. Қыздың анасының айтуынша, 5 жастағы Мәдина 18 және 13 жастағы үлкен әпкелерінің қарауында болған. Таңертең қыздар оянғанда сіңлісін таппай қалған. Бүлдіршін терезеден шығып кеткен.

[:]