АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды: Жеті адам тіл тартпай кетті[:]

[:kz]

Қостанай-Әулиекөл тас жолында жол апаты болып, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоны желіге жариялады.

 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қостанай-Әулиекөл тас жолының 69-шы шақырымы — Новонеженка және Лаврентьевка кенттері арасында жол апаты болды. Екі джиптің соқтығысқан.

Lexus автокөлігінде болғандар Қостанайдан Нұр-Сұлтан қаласына бара жатқан. Ал Mitsubishi Pajero жүргізушісі облыс орталығына қарай бет алған.

«Шақыртуға екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Апатқа қатысушылардың барлығы — жеті адам қаза болған. Lexus-тегі үш ер адам және Mitsubishi-дегі  ер адам және үш әйел оқиға орнында көз жұмды. Жарақаттары ауыр болған», — деп хабарлады Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға орнында облыстың полиция және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

 
 

[:]