АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қостанай облысында жоғалған бүлдіршіннің құмда ойнаған ізі табылды[:]

[:kz]

 

Қостанай облысы Жамбыл ауылында жоғалған бес жастағы Мадина Ерланқызын іздестіру әлі жалғасып жатыр.

Түнде сағат 12-ден аса жүгері алқабынан басқа маңда үйілген құмнан ойнаған баланың ізі табылған. Бұл туралы волонтер Асылан Кенжетай интернет желісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен бірге «Дельта-С» компаниясы басшысы Сергей Хоменко кешкі уақытта әуеден іздестіру үшін мотодельтаплан ұсынды.

Оның кәсіпорны Қостанай облысы бойынша авиациялық-химиялық жұмыстармен айналысады. Әуеден іздестіру Тобыл өзенінің алқабы, арнасының бойымен жүзеге асырылады.

Еске саламыз, 7 тамызда үйдегі әпкелері ұйықтап жатқанда кішкентай қыз сыртқа шығып кеткен .

[:]