[:kz]Қостанай облысындағы өрт: Қазіргі ахуал қалай[:]

[:kz]

 

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда республикалық тас жол мен темір жол қатынасы қалпына келтірілді. Өртті сөндіруге 91 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 600 адамы жұмылдырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аманқарағай ауылындағы (әкімшілік ғимарат) және Лесное ауылындағы мұнай базасының аумағындағы өрттер сөндірілді. От бензин тиелген резервуарлар мен дизель отындарына тиген жоқ.

Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрттер оқшауланды, қазіргі уақытта жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында адам шығыны тіркелген жоқ.

Жағдайдың жақсаруына байланысты р-36 республикалық маңызы бар автожолындағы қозғалыс және темір жол (поездар) бойынша поездар қозғалысы толық көлемде қайта жанданды (№82, 43, 51, 37, 622 поездар, барлығы-908 жолаушы).

10 адам (5 адамы, бір кәмелетке толмаған адамды қоса алғанда, 1 орман шаруашылығының қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 ТЖМ қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік алып, уланды. Олардың 4-еуі орталық аудандық ауруханада, 6 тексеруден кейін және көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Айта кетейік. бұған дейін Қостанай облысының әкімі мен Төтенше ж

[:]