[:kz]Қостанай облысындағы шекарада мобилизациядан қашқан ресейліктер ұсталды олардан суық қарулар тәлкіленді [:]

[:kz]

 

Қостанай облысындағы шекарада мобилизациядан қашқан ресейліктер ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, Ресейдің мобилизациясынан қашқан екі адамды тұтқындады. Бірі шешен, енді бірі грузин қақтығысын өткерген. 

Оқиға Қостанай облысы  “Тобыл” шекара заставасында болған. Түрлеріне қарағанда, радикалды діни ағымды ұстанатын ер адамдар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қазақстан аумағына өтпек болған. Олардан пышақ пен балта тапты.

         

”Адырна” ұлттық порталы

[:]