АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қостанайда қызын балағаттаған мұғалімді ұрып, жағын сындырған әке болған жайтты ашып айтты[:]

[:kz]

Қостанай тұрғыны: Дене шынықтыру мұғалімі ұл баланы не істесе де көтеремін. Қыз оқушыны балағаттау деген не сұмдық?

Қостанайда екінші сыныпта оқитын қыздың әкесі дене шынықтыру мұғалімін ұрып, жағын сындырды деп жазды kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ.
Қызын сабақтан алып кетуге келген әкесі оның көңіл-күйінің түсіп кеткенін бірден аңғарып, не болғанын сұраған. Оқушы мұғалімнің өзіне «Х» әріпінен басталатын балағат сөз айтқанын жеткізіпті.

«Қызым құрбысымен бір қыздың жанында әңгімелесіп тұрады. Сол кезде мұғалімі келіп, «Какого х**** ты здесь находишься?» дейді. Қызым жылап қалыпты. Дереу әйеліме хабарласып, бұл жағдайды сынып жетекшісіне айтуын тапсырдым. Алайда қызымның ұстазы телефон тұтқасын көтермеген.

Мұны естіген мен дереу мектепке қайта кіріп, әлгі мұғалімді тауып алдым. «Не үшін боқтайсың» десем, «Онда тұрған не бар?» деп қарап тұр. Сосын оған соққы жұмсадым», — дейді оқушы қыздың әкесі Жанболсын Дүкеев.

Алайда ер адам мұғалімді тек алақанымен ұрғанын, ұстазға ешқандай жарақат келмегенін айтуда.

«Мен оны алақаныммен ұрдым. Сосын біз директордың орынбасарының кабинетінде жиналдық. Кабинетте бірнеше мұғалім және мен болдым. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бастапқыда өз ісін мойындағысы келмеді. Алайда қызым кабинетке кіргенде мойындады. Мектеп директоры шу көтермеуімді, бұл істі сол жерде қалдыруымды сұраған болатын.

Ал қазір әлгі мұғалімнің менің үстімнен арыз жазып, жағының сынғанын айтқанын білдім. Мен де ол кісінің үстінен арыз жаздым. Ұл баланы балағаттаса үндемес едім. Бірақ бұл менің жалғыз қызым», — дейді мұғалімді ұрған әке.

Ал арызданған мұғалім бұл іске қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартқан.

kyn.kz

[:]