АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ҚР Президентінің Баспасөз қызметі : Қазақ тілі -бірінші орында [:]

[:kz]

 

\qazaq tili

Биыл «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1989 жылы 22 қыркүйекте ел тарихында тұңғыш рет «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұл – туған тіліміздің көкжиегін кеңейтуге бастау болған алғашқы қадам еді.

Ал еліміз Тәуелсіздік алып, өз алдына дербес, егемен мемлекет болғанда, 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциямызда қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып бекітілді.

Соның нәтижесінде ана тіліміз ұлтаралық қатынас тіліне айналып, ресми құжаттар мемлекеттік тілде жазылатын болды.

Ана тіліміздің абыройын арттырып, айбарын асырған, мәртебесін бекітіп, мерейін өсірген атаулы датаға байланысты республика шеңберіндегі тіл жанашырларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғыс хаты» берілді. Ақорда резиденциясында Мемлекет басшысының ықыласын Президент Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев жеткізді.

Олардың қатарында Мырзатай Жолдасбек, Өмірзақ Айтбаев, Мұхтар Шаханов, Амангелді Айталы, Смағұл Елубай, Асылы Осман, Сәуле Мешітбай, Сайлау Батырша-ұлы, Кенжехан Матыжанов, Мереке Құлкенов, Шәмшидин Пәттев, Дос Көшім, Қайнар Олжай, Камал Әлпейісова, Еркін Қыдыр, Владислав Тен, Максим Рожин секілді мемлекеттік тілдің кең көлемде қолдануына елеулі үлес қосып жүрген жүзден астам азамат бар.

Сонымен қатар, «Ана тілі» ұлт апталығы, «Жас қазақ» қоғамдық-саяси газеті мен Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының «Тіл сақшысы» бағдарламасының ұжымдарына да «Алғыс хат» табысталды.

ҚР Президентінің Баспасөз қызметі

[:]