[:kz]
Ресей президенттігіне үміткерлер «Россия-1» телеарнасының тікелей эфиріндегі дебатта сөз таластырды. Студияға келген кандидаттар Ксения Собчак пен Владимир Жириновский әдеттегідей бір-бірін балағаттап, өзге бәсекелестеріне сөз берген жоқ.
Өзіне тиесілі уақытта сайлаушыларына үндеу арнаған Ксения Собчак дебаттың өзін қойылым екенін айтып, ал, Владимир Жириновскиді сайқымазақ деп келеке етті. Айтуынша, мұндай қойылымды алдын ала Ресей президенті әкімшілігінің басшысы ұйымдастырады екен.
Собчактың бұл сөздеріне тек Жириновскидің ғана емес, студияға келген кандидаттардың барлығы да ашуланды. Тіпті, тележүргізушінің өзі де шамданып, Ксениядан балағат айтуды тоқтатуын сұрады.
«Ол ешқашан еш жерде басшылық етіп көрмеген, ешқашан жұрт қатарлы жұмыс та істемеген. Көшедегі бомж. Брежневтің кезінде сен сияқтыларды жындыханаға қамап тастаған. Сталиннің кезінда атып тастаған», — деді Жириновский Ксения Собчакты жағадан алып.
Еске салайық, 28 ақпанда өткен дебатта Жириновский Собчакты жезөкше деп балағаттаған болатын. Собчак болса бәсекелесіне бір стақан су шашып жіберді.
sn.kz/
[:]