АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]КСРО-ны қайта тірілтсек не болады?[:]

[:kz]

sermaleevКСРО-ны қайта тірілтсек не болады? Иә, қазіргі заманауи, озық «саяси медицинаның» күшімен.

Не болады дейсіз бе? Баяғы КСРО емес, одан да асатын тым қорқынышты зомби пайда болады.

КСРО әбден қартайып, өз жөнімен, «табиғи өліммен» өлген. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі орыстың «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында айтып өткен.

Назарбаев кеңес одағы құлайын деп шайқалып тұрған шақта сол қым-қуыттың ортасында жүрген адам еді. Оның бұл пайымына сенуге әбден болады.

Бұл нені білдіреді? Бұл жиырма жол бойы көрде жатып, ендігі шіріп кеткен КСРО-ның мүрдесін қазып алып, қайта тірілту мүмкін емес екенін білдіреді.

Қазақстан президенті осылайша баяғы империя дәуірін әлі аңсап жүрген ресейлік саясаткерлерге КСРО-ның енді орылмайтынын астарлап жеткізген болар.

Серік Мәлей, Алтын-орда

[:]