АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ. ШАРУАЛАРДЫҢ ЫҚЫЛАСЫ «МАКСИМУМ» МЕН «ЫРЫСТА»

скачанные файлы    Оңтүстік Қазақстандағы агросектордың бағы бар. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де өзіңіз білесіз. Біраз жылдардан бері ауыл шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлерге облыста қолжетiмдi несие ұсынылып келеді. Облыстың басым бағыттарындағы жобалар  қолайлы шарттармен қаржыландырылады. Мысалы, тiкелей несиелендiрудің жылдық өсімі-7 пайыз. Қаржылық лизинг – 8 пайыз. Қаржыландыратын аймақтық инвестициялық орталықтың аты –«Максимум». Құрылтайшысы-Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі.  Осы «Максимум» «Ырыс» деп аталатын  шығын несиелік ұйыммен бiрге 2009 – 2015 жылдар аралығында жалпы сомасы 31,6 миллиард теңге көлемiндегi 11 мың 307 жобаға қолдау көрсеттi. Солардың iшiндегі 4,1 миллиард теңгенің  1239 жобасын биылғы жылдың алғашқы 6 айында қаржыландырыпты.

Қазір «Максимум»  мен «Ырыстың» несие қоржыны 16,2 миллиард теңгеге жетiп отыр.  Яғни, қаржыландыру мөлшерi жылдан-жылға   ұлғайып келеді. Облыстың ең басты ұтысы мынау.  2009 жылдан күнi бүгiнге дейiн «Максимум» мен «Ырыс» қаржыландырған агрожобаларда  31 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.  Ең басты нәтиже-жобалардың 90 пайызы аудандарда жүзеге асырылған.

Осы басқа да мәліметтерді  «Оңтүстiк» ақпарат орталығында  өткен брифингте «Максимум» аймақтық инвестиция орталығы» ЖШС-нiң департамент директоры Азамат Сүлейменов пен «Ырыс» шағын несие ұйымы» ЖШС директоры Ермек Қансейiтов жария етті.

«Максимум» мен «Ырыстың» екiншi деңгейдегi банктерден айырмашылығы  көп. Айталық, ауылдық жердегi жылжымайтын мүлiк кепiлдiкке жарайды. Екiншiден, барлық аудан орталықтарында аймақтық өкiлдерi бар. Үшiншiден, «Start-up» жобаларды қаржыландыру қарастырылған. Төртiншiден, несие беруге және қызмет көрсетуге алымдар жоқ.

Бұл серiктестiктер облыстық бюджеттен ғана емес, мемлекеттiк бағдарламаларға қатысу және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы да өз қазына қоржындарын толықтырып отыр. 2012 жылдан берi «Жұмыспен қамту–2020», «Моноқалаларды дамыту» бағдарламалары бойынша басы-аяғы 5 миллиард теңге несиелік қаражат тартылыпты. Ал, биылғы 6 айда «Ырыс» шағын несие ұйымы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорының 700 миллион теңге көлемiндегi несие алған. Оның 200 миллионы – ауылдық бизнестi дамытуға, 500 миллионы мақта өндiрушiлерге бағытталған.

cb88cfdfe163d542eb7cf22092b59d03_XL

Қаржы ұйымдарының басшылары  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен бiрлесе отырып, несиелердi кепiлдендiрудiң жаңа механизмiн жасап жатқанын айтып отыр.  Анығы- мынау. «Максимумның» кепiлдендiруiмен шаруалардың Аграрлық несие корпорациясынан алатын несие көлемiн 30 пайызға арттыру көзделiп отыр.