[:kz]
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (23-6-2) Сочиде өткен аралас жекпе-жек бойынша AMC Fight Nights турнирінің басты айқасында ресейлік қарсыласы Мариф Пираевтан жеңіліп қалды, хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
33 жастағы Қуат Хамитов 28 жастағы ресейлік боксшы Мариф Пираевпен (29-4-1) айқасты.
Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыз шешімімен Пираевтың жеңісімен аяқталды – 30-27, 29-28, 30-27.
Жекпе-жек алдында «Найман» еш қиындық көріп тұрмағанын, өйткені бірнеше жылда алғаш рет ұрысқа жарақатсыз келетінін мәлімдеген болатын.
Осылайша, Мираф Пираев өзінің кәсіби мансабындағы он үшінші жеңісіне жетті, бұл – Қуат Хамитовтың ММА-дегі жетінші жеңілісі.
Қазақстандық үшін бұл осы жылғы үшінші айқасы. Бұған дейін Хамитов қаңтарда ресейлік Максим Пантелеевті (0-1) нокаутқа жіберген, одан кейін маусым айында украиналық Роман Головиновты (10-5) жеңген болатын.
[:]